Жаңа Конституция – елдіктің айқын бағдары

Жаңа Конституция – елдіктің айқын бағдары

Бүгін «Аманат» партиясының ғимаратында ел зиялылары, сарапшылар мен қоғам белсенділерінің қатысуымен маңызды жиын өтті.

Кездесудің басты тақырыбы — жаңартылған Ата Заңның маңызы мен оның мемлекетіміздің болашағына тигізер әсерін талқылау.

Жаңа Конституция жобасы кездейсоқ пайда болған құжат емес. Оны әзірлеуге арнайы Конституциялық комиссия жарты жылға жуық уақыт жұмсады. Бұл процестің басты ерекшелігі — ашықтық пен халықтың үніне құлақ түру.

Жиын барысында сөз алған аудандық коалиция мүшелері Г. Ермекова, Н. Тлепов, А. Уразалиева, Ж. Аруанов жаңа Ата Заңның архитектурасы мен мазмұны түбегейлі қайта қаралғанын ерекше атап өтті.
Жаңа Конституция — еліміздің қазіргі саяси-құқықтық даму кезеңінің айнасы. Оның өзегінде ең басты құндылық — Адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары тұр. Бұл құжат Әділетті Қазақстанды құру жолындағы мемлекеттік реформалардың заңды негізі болып табылады.

Конституция жобасының 23-бабы 6-тармағында елдің егемендігі мен тәуелсіздігіне қол сұғуды насихаттауға қатаң жол берілмейтіні нақты жазылған. Бұл — мемлекеттігімізді сыртқы және ішкі қатерлерден қорғайтын берік заңды тосқауыл.

Зиялы қауым өкілдерімен өткен бұл кездесу Ата Заңның халықтық сипатын тағы бір мәрте дәлелдеді. Жаңа Конституция — бұл жай ғана заңдар жиынтығы емес, бұл әрбір азаматтың құқығын қорғайтын және мемлекеттің мызғымас іргетасын бекітетін тарихи құжат.

Ақпараттық медиа орталығы