
Байзақ аудандық коалиция мүшелері Бурыл ауылындағы "Grandfoodpremium" ЖШС еңбек адамдарымен кездесу өткізіп, Конституциялық өзгерістердің мән-маңызын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында коалиция мүшелері Б.Ақбаев, Қ.Үкібаева, Б.Абитаев, А.Қалабаев, А.Уразалиева референдумның ел болашағы үшін маңызы зор айтқанда, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әділетті қоғам қалыптастыру, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру секілді маңызды бастамалар туралы кеңінен түсіндірді.
Еңбек адамдары да өз кезегінде өз ой-пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Кездесу ашық форматта өтіп, қатысушылар арасында еркін пікір алмасу болды. Бұл – қоғамның референдумға деген қызығушылығы мен жауапкершілігінің жоғары екенін көрсетеді.
Жалпыұлттық коалиция алдағы уақытта да осындай кездесулерді жалғастырып, халықпен етене жұмыс жүргізе береді. Негізгі мақсат – әрбір азаматқа Конституциялық өзгерістердің мазмұнын түсіндіріп, референдумға белсенді қатысуға шақыру.
Еліміздің болашағына бейжай қарамайтын әрбір азамат референдумға қатысып, өз таңдауын жасауға тиіс. Бірлігіміз бекем, болашағымыз жарқын болсын!