
Жалпыұлттық коалиция республикалық, облыстық және аудандық өкілдерінің қатысуымен Байзақ ауданында ардагерлер кеңесі мүшелерімен маңызды кездесу өтті.
Кездесу барысында Республикалық, облыстық және аудандық коалиция мүшелері Жаңа Конституция жобасына қатысты кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Әсіресе Конституцияның 6 және 9-баптарына қатысты сұрақтар көтеріліп, қатысушыларға нақты әрі жан-жақты жауаптар берілді.
Аға буын өкілдері ел болашағына қатысты маңызды құжат жөнінде өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, әрбір ойға құрметпен қаралды. Бұл өз кезегінде қоғамдағы бірлік пен жауапкершіліктің айқын көрінісі болды.
Жиын соңында қатысушылар Жаңа Конституция елдің тұрақты дамуына, әділетті қоғам қалыптастыруға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті.