Жаңартылған конституция – тұрақты даму негізі

Жаңартылған конституция – тұрақты даму негізі

Референдумға байланысты құрылған Байзақ аудандық коалиция мүшелері аудандық тарихи-өлкетану музейінде кездесу өткізіп, Конституциялық өзгерістердің мән-маңызын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында референдумның ел болашағы үшін маңызы зор екенін атап өтіп, ұсынылып отырған өзгерістердің негізгі бағыттарына тоқталды. Атап айтқанда, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әділетті қоғам қалыптастыру, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру секілді маңызды бастамалар туралы кеңінен түсіндірілді.

Өз кезегінде жиынға қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Кездесу ашық форматта өтіп, қатысушылар арасында еркін пікір алмасу орын алды. Бұл – қоғамның референдумға деген қызығушылығы мен жауапкершілігінің жоғары екенін көрсетті.

Жалпыұлттық коалиция алдағы уақытта да өңірлерде осындай кездесулерді жалғастырып, халықпен етене жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр. Негізгі мақсат – әрбір азаматқа Конституциялық өзгерістердің мазмұнын түсіндіріп, референдумға белсенді қатысуға шақыру.