Ел ертеңі бүгінгі шешімге байланысты

Ел ертеңі бүгінгі шешімге байланысты

Конституцияны қолдау жөніндегі аудандық коалицияның жетекшісі И.Спаналиева мен мүшелері А.Жантаев, А.Жамишжанов қатысуымен аудандық кітапханада алдағы референдумға арналған мазмұнды дөңгелек үстел өтті.

Кездесудің басты мақсаты – Конституциялық өзгерістердің мәні мен маңызын түсіндіру, қоғамдағы өзекті сұрақтарға жауап беру және азаматтарды ел тағдырына бейжай қарамай, референдумға белсенді қатысуға шақыру болды.

Шара барысында коалиция өкілдері Конституцияға енгізілетін өзгерістердің елдің дамуына, әлеуметтік әділеттілік пен заң үстемдігін нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, ашық пікір алмасып, ұсыныстарын жеткізді.

Дөңгелек үстел еркін форматта өтіп, тұрғындардың көкейіндегі сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Мұндай кездесулер халықтың құқықтық сауаттылығын арттырып, маңызды саяси науқандарға деген жауапкершілігін күшейтетіні сөзсіз.