Референдумға белсенді қатысу – әр азаматтың құқығы

Референдумға белсенді қатысу – әр азаматтың құқығы

15 наурызда Қазақстанда республикалық референдум өтеді. Науқан аясында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалицияның мүшесі Гүлдара Алданышқызы бастаған топ мүшелері «Әулие Ата Феникс» ЖШС құрылтайшысы, облыстық мәслихат депутаты Фарида Жүнісова, «Grand foods premium» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Жалил Аббосов, «Ауыл» ХДП облыстық филиалының төрағасы Нуржан Муслимов, «SENIM» денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ облыстық филиалының төрайымы Гүлмайра Мөмбекова, «Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы Исламбек Дастан Әулие-Ата Феникс ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Онда Конституциялық реформа мен референдумның мәні жан-жақты талқыланды. Кездесуді коалиция өкілдері жүргізіп, ең алдымен Конституцияның жаңа жобасын қабылдаудың қоғамдық маңызына тоқталды.
Ұсынылып отырған жаңа Конституция мемлекет билігінің тармақтарында теңгерімді қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтық кепілдіктерін нығайту және билік пен қоғам арасындағы сенімді тереңдету секілді бастамаларды көздейді.
Сондай-ақ, референдум – Конституцияны қабылдауға қатысты қоғамдық пікірді тікелей білдірудің маңызды формасы екені айтылды. Дауыс беру арқылы жаңа Конституцияға қатысты пікірді нақты көрсететінін, әр дауыс маңызды, себебі ол елдің болашағына әсер ететіні атап өтілді.
Еңбек ұжымы жиын барысында сұрақтар қойып, жаңа Конституция жобасы мен референдум өткізу тәртібі туралы нақты ақпарат алды.
Кездесу соңында еңбек ұжымы алдағы референдумға бей-жай қарамайтындарын, ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылданатын сәтте барлығына белсенді қатысу қажеттігін атап өтті.