
Еліміздің саяси өміріндегі тарихи белес – 15 наурызға белгіленген жалпыхалықтық референдум жақындап келеді. Бұл науқан жай ғана дауыс беру емес, бұл – мемлекет пен қоғам арасындағы жаңа әлеуметтік келісімнің бастауы. Осы маңызды оқиға қарсаңында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының мүшесі Гүлдара Алданышқызы Байзақ аудандық «Электр желілерін тарату» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында коалция мүшелері жаңа Конституция жобасының қалай дайындалғанына тоқталды. Конституциялық комиссия жарты жыл бойы қоғаммен ашық диалог орнатып, мыңдаған азаматтың ұсыныс-тілегін сараптаған.
Заман ағымына сай, жаңа редакцияда алғаш рет азаматтардың құқықтарын цифрлық ортада қорғау туралы норма енгізілген. Технологиялар қарыштап дамыған уақытта адамның жеке деректері мен виртуалды кеңістіктегі қауіпсіздігін конституциялық деңгейде бекіту – уақыт талабы. Бұл өзгеріс әрбір қазақстандықтың киберкеңістіктегі құқығының тапталмауына кепілдік бермек.
Қоғамды толғандыратын тағы бір маңызды мәселе – отбасы институты. Жаңа Конституцияда неке ер адам мен әйел адамның ерікті таңдауы мен тең құқығына негізделген одақ екені айқын көрсетілген. Бұл норма ұлттық құндылықтарымызды сақтап, отбасының қасиетті мәртебесін нығайтуға бағытталған.
Гүлдара Алданышқызы энергетиктерді референдумға белсенді қатысуға шақыра отырып, бұл таңдаудың тарихи салмағына баса назар аударды.Әділетті басқару жүйесі мен құқықтық қорғау.Тұрақты, қауіпсіз және өркениетті мемлекет.
«Электр желілерін тарату» ЖШС жұмысшылары кездесу соңында ел ертеңіне бей-жай қарамайтындарын жеткізді.