Байзақ дәрігерлері референдумды қолдайды

Байзақ дәрігерлері референдумды қолдайды

Еліміздің саяси аренасында айтулы белес басталды. Тәуелсіздіктің тұғырын нығайтып, мемлекеттің басқару жүйесін түбегейлі жаңартуды көздейтін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты Жалпыұлттық коалиция өз жұмысына белсене кірісті. Бес жетекші партия мен 300-ден астам қоғамдық ұйымның басын біріктірген бұл ірі күш бүгінде халық арасында түсіндіру жұмыстарын қарқынды жүргізуде.
Осы мақсатта коалиция мүшесі Гүлдара Алданышқызы бастаған насихат тобы Байзақ аудандық орталық емханасының ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында топ мүшелері Ата Заңға енетін өзгерістердің мәні мен маңызына тоқталып, бұл реформалардың ел болашағы үшін тарихи қадам екенін атап өтті. Конституциялық өзгерістер – жай ғана заңдық түзетулер емес, бұл мемлекет пен қоғам арасындағы жаңа әлеуметтік келісімнің негізі.
Жиын барысында дәрігерлер мен медицина саласының қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді.
Дәрігерлер қауымы Конституциялық реформалар әлеуметтік саланың, соның ішінде медицинаның дамуына жаңа серпін беретініне сенім білдірді.
Жалпыұлттық коалицияның басты мақсаты — халықты ортақ мүддеге жұмылдыру. Байзақ ауданында өткен бұл кездесу жергілікті дәрігерлердің саяси науқанға бей-жай қарамайтынын, елдегі оң өзгерістерді қолдайтынын көрсетті.
Жаңа Конституция — бұл әділеттілік пен прогреске бастар жол. Ал сол жолдағы әрбір азаматтың таңдауы ел тарихының жаңа парағын жазуға септігін тигізбек.