
Сарыкемер ауылы №8 дене шынықтыру-сауықтыру кешені базасында «Салауатты адамдар – мықты ұлт» тақырыбында Конституциялық реформаны насихаттауға арналған спорттық эстафета ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын дәріптеу, жастардың спортқа қызығушылығын арттыру және қоғамда белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру болды.
Шара барысында Конституциялық реформалардың мәні мен маңызы түсіндіріліп, ел болашағы – дені сау, белсенді ұрпақ екені атап өтілді.
Сайыс қорытындысында жеңімпаз командалар марапатталып, Алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Мұндай спорттық іс-шаралар жастарды біріктіріп, жастарға серпін беріп, қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыруға зор үлес қосатыны сөзсіз.