
“QAZAQGAZ AIMAQ” АҚ Жамбыл өндірістік филиалының Байзақ Газ шаруашылығында Қазақстан Республикасының Конституциясының жаңа жобасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында Конституция жобасында адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту басты орынға қойылғандығы, Егемендік пен Тәуелсіздік ұғымдарының қатар бекітілуінің маңыздылығы түсіндірілді.
Ата Заңда “Заң мен тәртіп” қағидаты, білім құндылықтарын дамыту, жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тіл мәселесі, ғылым мен инновацияны дамыту, болашақ ұрпаққа тарихи мұраны сақтау мен жеткізу, яғни мемлекет пен азамат үшін ең басты құндылықтар бекітілгендігі айтылды.
Конституция жобасында көзделген адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, заңның үстемдігін қамтамасыз етуге, ұлттық бірлікті нығайтуға және азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.
Ақпараттық медиа орталығы