Жаңа Конституция: Ұлтты ұйыстыратын ұлы құжат

Жаңа Конституция: Ұлтты ұйыстыратын ұлы құжат

Бүгін ауданымыздағы «AMANAT» партиясының фракция мүшелері Жаңа Конституция жобасын талқылау мақсатында бас қосты. Жиынның негізгі өзегі – елдің саяси жүйесін жаңғырту мен адами капиталды дамыту мәселелері болды.
Жиын барысында фракция мүшелері жаңа құжаттың халықтық сипатына ерекше тоқталды. Талқылауда айтылғандай, бұл жоба кабинеттерде емес, халықпен ашық диалог жүргізу барысында қалыптасқан.
«Жаңа Конституция жұртшылықтың шынайы мүддесін айшықтайды. Сондықтан бұл құжатты «Халық Конституциясы» деп атауға толық негіз бар. Ол – еліміздің орнықты дамуының берік негізі және ұлтымызды ұйыстыратын басты факторға айналуы тиіс», – деп атап өтті фракция өкілдері.
Кездесу соңында қатысушылар жаңа реформалардың тек құқықтық емес, әлеуметтік маңызына да тоқталды. «AMANAT» партиясының мүшелері халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуге, әрбір ауыл мен елді мекенге барып, жобаның маңыздылығын жеткізуге дайын екендіктерін білдірді.
Бұл реформалар – әділетті қоғам мен қуатты мемлекет құру жолындағы батыл қадам. Ендігі кезекте осы тарихи мүмкіндікті ел игілігіне жарату үшін қоғамның жұмыла әрекет етуі маңызды.