
Бүгін Бурыл ауылындағы Өнер мектебінің ұжымымен кездесу өтті. Кездесу барысында елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық жаңғырудың мән-мағынасы, жаңартылып отырған Ата Заңның негізгі ұстанымдары мен қоғам үшін берер мүмкіндіктерін түсіндірілді. Аталған өзгерістердің мемлекет дамуының жаңа кезеңіне жол ашатыны айтылды.
Жаңа Конституцияда адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде бекітілетінін, ел бірлігі, ынтымақ, ұлтаралық және конфессияаралық келісім, егемендік пен аумақтық тұтастық негізгі құндылықтар ретінде айқындалған. Сонымен қатар, әділеттілік, Заң мен Тәртіп қағидаттары қамтылып, Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі ретінде танылып отыр.
Ақпараттық медиа орталығы