
Еліміздің саяси келбетін түбегейлі өзгертетін конституциялық реформаларды түсіндіру мақсатында облыстық ақпараттық топ мүшелері,Үлгілі орта мектебінің ұжымымен кездесті. Басқосуда жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен қоғам өміріне әкелетін өзгерістері кеңінен талқыланды.
Жаңа Ата Заң жобасы — бұл жабық есік жағдайында жасалған құжат емес, жалпыхалықтық талқылау мен ашықтықтың жемісі. Алты айға созылған қарқынды жұмыс барысында Жұмыс тобы азаматтардан, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардан түскен 2000-нан астам ұсынысты мұқият сараптаған
Реформаның өзегі – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында айтылған бір палаталы Парламент құру бастамасы.
Жаңа жобаны талқылауға кез келген белсенді азаматтың қатысуына мүмкіндік берілді. e-Otinish және eGov порталдары арқылы түскен әрбір пікір жүйеленіп, жаңа нормаларды пысықтауға негіз болды. Бұл — Қазақстанның демократиялық жолдағы нық қадамы және азаматтық қоғамның пісіп-жетілгендігінің белгісі.
Үлгілі орта мектебінің ұстаздары мен қызметкерлері реформаның мән-жайын ұғынып, өз сұрақтарына тұщымды жауап алды. Ақпараттық топ мүшелері бұл өзгерістердің елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң серпін беретініне сенім білдірді.