
Бүгін “AMANAT” партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында «Қазақстандағы Конституциялық референдум: отандық және халықаралық тәжірибе» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге партия төрағасы Индира Спаналиева, аудандық ардагерлер кеңесі жанындағы билер кеңесінің төрағасы Исағали Сәлімбаев, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Шырын Қапарова және жастар қатысты.
Еліміздің конституциялық дамуының жаңа кезеңін айқындайтын Ата Заң жобасы – құқықтық мемлекет құру жолындағы батыл қадам.
Кездесу барысында реформаның негізгі бағыттары мен қоғам үшін маңыздылығы жан-жақты талқыланды. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері халықаралық озық тәжірибеге сай күшейтілетіні айтылды.
Ақпараттық медиа орталығы