Ата Заң – елдіктің арқауы

Ата Заң – елдіктің арқауы

Бүгін Сарыкемер ауылындағы аудандық кітапхана ұжымымен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бердібек Омаров, ақын-сазгер, аудандық мәдениет үйінің әдіскері Қасқырбай Нарбатыр кездесу өткізді.

Жиында еліміздің саяси өміріндегі тарихи өзгерістерді талқыланды.
Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың 5-ші отырысы Ата Заңымызды қайта қарауға үлкен қозғау салды. Осы алқалы жиында қабылданған шешімге сәйкес, 21 қаңтардан бастап Конституциялық комиссия өз жұмысына кіріскен болатын.

Ата Заңға неке туралы арнайы ереже енгізілмек. Бұл – «Отан – отбасынан басталады» деген қағиданы ұстанатын біздің қоғам үшін өте маңызды қадам. Бұл өзгеріс дәстүрлі құндылықтарымызды жоғары құқықтық деңгейде қорғауға және әйелдер құқығын нығайтуға бағытталған.

Елімізде жаңа жалпыұлттық диалог платформасы құрылады. Ол Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын заңды түрде жалғастырады.

Кітапхана қызметкерлері – қоғамның рухани діңгегі. Олармен өткен ашық пікір алмасу барысында конституциялық реформалардың халықтың әл-ауқатын арттыруға қызмет етеді.

Ақпараттық медиа орталығы