Ата Заңдағы өзгерістер – жарқын болашақтың кепілі

Ата Заңдағы өзгерістер – жарқын болашақтың кепілі

Бүгін аудан әкімі, қоғам белсендісі Сәуле Тлеуқұлова «Байзақ су» КМК ұжымымен кездесіп, онда еліміздің басты құжаты – Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар мәселесі талқыланды.

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған бұл реформалар «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының нақты көрінісі.

Жаңа Ата Заң жобасын әзірлеу үшін құрамында 130 адамнан тұратын Конституциялық комиссия құрылып, олар әрбір азаматтың, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың ұсыныстарын егжей-тегжейлі талдап шықты.

Жаңа жоба ашық қоғамдық талқылаулардан өтіп, халықтың қалауына сай әзірленді. Әрбір норма мен ереже мемлекеттің демократиялық жолмен дамуына бағытталған.

Конституциялық реформа – еліміздің саяси жүйесін жаңғыртудың маңызды кезеңі.

«Байзақ су» мекемесінің қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтар мен пікірлер халықтың ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетті.

Ақпараттық медиа орталығы