
📌Ауданы бойынша тұрғындарға пошталық қызмет көрсету жүйесі 13 ауылдық пошта бөлімшесінен және Сарыкемер ауылындағы орталық операциялық учаскеден тұрады. Бөлімшелердің орналасу сипаты төмендегідей:
✔️6 бөлімше: Көктал, Қостөбе, Үлгілі, Мырзатай, Диқан және Бәйтерек ауылдарында мемлекеттік мекемелердің (әкімдіктер мен клубтар) ғимаратында орналасқан.
✔️7 бөлімше: (Бурыл, Түймекент, Ботамойнақ, Жалғызтөбе, Ынтымақ, Көптерек және Жақаш) «Қазпошта» АҚ теңгеріміндегі жеке ғимараттарда жұмыс істейді.
📌Бүгінгі таңда 9 пошта бөлімшесі толықтай «көгілдір отынмен» қамтылған. Дегенмен, жеке ғимараты бар 4 бөлімшеде газ жүйесіне қосылу мәселесі жасыратын жағдай емес әлі де өзекті болып отыр.
✔️Атап айтар болсам:
1. Жалғызтөбе (Жетібай ауылы): 2009 жылы салынған, 3 бөлмеден тұрады.
2. Ынтымақ (Мәдімар ауылы): 2009 жылы салынған, 3 бөлмеден тұрады.
3. Көптерек ауылы: 2009 жылы салынған, 3 бөлмеден тұрады.
4. Жақаш ауылы (Суханбаев а/о): 2010 жылы салынған, 4 бөлмеден тұрады.
📌Жоғарыдағы аталған 4 бөлімшенің әрқайсысында 2 қызметкерден (барлығы 8 маман) жұмыс істейді. Ғимараттар «Қазпошта» АҚ Байзақ аудандық филиалының теңгерімінде. Газ жүйесінің жоқтығы қыс мезгілінде қызметкерлердің жұмыс өнімділігі мен тұрғындарға қызмет көрсету сапасына тікелей әсер етеді.
✔️Бүгінгі таңда бөлімшелердің техникалық жағдайын жақсарту мақсатында «Қазпошта» АҚ-ның облыстық филиалымен тиісті келіссөздер жүргізілді.
✔️Облыстық филиал басшылығы Жетібай бөлімшесіне жаңғырту және жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың екінші тоқсанында қолға алынатынын айтып, уәдесін берді. Қалған 3 бөлімшеге қосымша қаржы сұралады.
📌Ауылдардағы бөлімшелерді газ жүйесіне қосу арқылы сервис сапасын арттыру және қызметкерлер үшін қолайлы еңбек жағдайын жасау болып табылады.