
Жетібай ауылында жергілікті тұрғындармен Конституцияның жаңа жобасын талқылауға арналған мазмұнды кездесу өтті. Жиында мемлекеттің құқықтық жүйесін түбегейлі жаңғыртуға бағытталған өзгерістер мен Мемлекет басшысының саяси бастамалары сөз болды.
Қазіргі уақытта еліміз үлкен саяси трансформация кезеңінде тұр. Осыған орай, Жетібай ауылының тұрғындарымен өткен кездесуде Конституцияға енгізілетін өзгерістердің мәні мен маңызы егжей-тегжейлі түсіндірілді. Реформаның негізгі өзегі – Мемлекет басшысының бірпалаталы Парламент құру жөніндегі бастамасы. Бұл қадам билік тармақтарының тиімділігін арттырып, шешім қабылдау процесін жеделдетуге бағытталған.
Конституциялық реформаның ең басты ерекшелігі – оның ашықтығы.
Жетібайлықтар кездесу барысында өздерін мазалаған сауалдарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Тұрғындар мемлекеттік жүйенің заманауи талаптарға сай нығаюын қолдайтынын және бұл реформалардың ел игілігіне қызмет ететініне сенім білдірді.