Ағымдағы жылдың 4 ақпанында Дүниежүзілік сайлау күніне орай Байзақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» және Байзақ ауданы сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен «Кәсіптік біліктілік пен тәуелсіздік – сайлау комиссиясының негізгі принциптері» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті
Дүниежүзілік сайлау күніне орай ұйымдастырылған шараға аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бауыржан Көшербаев Жолдыұлы, жас сайлаушылар клубының мүшелері қатысты.
Іс-шараның мақсаты: еліміздің сайлау жүйесінің қалыптасуы, сайлаушылардың электоралдық белсенділігін арттыру, өскелең ұрпақтың бойында демократиялық ұстанымын қалыптастыру.
Дөңгелек үстел сұрақ-жауап, пікір алмасу форматында өткізілді.
Жиын соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, сауалдарға Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңы шеңберінде жауаптар берілді.