№3 Байзақ колледжінде оқытушылармен кездесу өтті

№3 Байзақ колледжінде оқытушылармен кездесу өтті

Бүгін №3 Байзақ колледжінде аудан әкімінің қатысуымен білім саласының мамандарымен кездесу өткізілді. Жиын барысында еліміз үшін маңызды кезең – жаңа Ата Заң жобасының жариялануы талқыланды. Бұл құжат еліміздің құқықтық, әлеуметтік және рухани дамуына серпін беретін стратегиялық қадам болып саналады.

Жаңа Конституция жобасында білім беру саласына ерекше көңіл бөлініп, әр азаматтың сапалы әрі қолжетімді білім алу құқығы нақты бекітілген. Сондай-ақ, білім жүйесінің әділдігі мен ашықтығы, заманауи талаптарға сай болуы басты басымдық ретінде қарастырылған.

Кездесу барысында мұғалімдердің мәртебесін көтеру, білім сапасына жауапкершілікті арттыру және ауыл мен қала мектептері арасындағы алшақтықты азайту мәселелері де талқыланды. Жастардың өз әлеуетін толық іске асыруына тең мүмкіндік жасау – басты мақсаттардың бірі болып отыр.

Бұл маңызды өзгерістер зияткерлік, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге және елдің тұрақты әрі ұзақ мерзімді дамуына берік негіз қалайды. Жаңа Ата Заң халқымыздың әл-ауқатын арттыруға және сенімді, берекелі болашаққа жол ашатынына сенім мол.