Ботамойнақ ауылдық округінің әкімі жаңа Конституция жобасын түсіндірді

Ботамойнақ ауылдық округінің әкімі жаңа Конституция жобасын түсіндірді

Ботамойнақ ауылдық округінің әкімі Абаханов Ғазиз Тлеубайұлы тұрғындармен кездесу өткізіп, Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасының негізгі ережелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында Конституцияға енгізіліп отырған өзгерістердің елдің саяси жүйесін дамытуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыруға бағытталғаны айтылды.