“ЖАС САҚШЫ” сыныбы ашылды

“ЖАС САҚШЫ” сыныбы ашылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сөздерінде: «Әр азамат – мемлекет қайраткері әрі патриот болуға тиіс. Бүгінгі ұрпақтың бойында заңға құрмет, жауапкершілік және Отанға қызмет ету қасиеттерін қалыптастыру – еліміздің тұрақты дамуының кепілі» - деп атап өткен болатын. Осы ұстаным аясында Байзақ ауданында жас буынды елдік рухқа баулуға бағытталған жаңа бастама іске асырылды. Сарыкемер мектеп-гимназиясында «Жас сақшы» сыныбы ресми түрде ашылды. Сыныпқа 8-сынып оқушылары қабылданды.
Жобаның мақсаты – өскелең ұрпақты азаматтық жауапкершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу, Ішкі істер органдарында қызмет атқару идеясын насихаттау және кәсіби бағдар беру. Бұл сынып полиция қызметінің беделін арттыруға және жас ұрпақтың бойында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
Мерекелік іс-шара барысында оқушылар ант қабылдап, арнайы куәліктер табысталды.