ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ: Жеке мәселелерін тыңдады

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ: Жеке мәселелерін тыңдады

Аудан әкімі «AMANAT» партиясы аудандық филиалының ғимаратында тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Қабылдау барысында тұрғындар өздерін толғандырып жүрген мәселелерді көтеріп, өтініштерін білдірді.
Атап айтқанда, әлеуметтік көмек алу, жер мәселесі, ақылы қоғамдық жұмысқа орналасу, баспана мәселесі, жұмыспен қамту, көше жолдарын жөндеу, түнгі жарықтандыру, ауылға қоғамдық көлік жүргізу мәселелері қозғалды.

Аудан басшысы әрбір өтінішті мұқият тыңдап, заң аясында шешу жолдарын түсіндірді. Кейбір мәселелер бойынша нақты жауаптар берілсе, қалғандары тиістілігіне қарай жауапты сала басшыларының құзырына, белгіленген уақыт мерзімінде орындалуы тапсырылды. Әрбір мәселе жіті бақылауға алынып, хаттамаға енгізілді.

Ақпараттық медиа орталығы