«ТАЗА БЕЙСЕНБІ» АКЦИЯСЫ: Жалғызілікті қарттардың ауласы тазартылды

«ТАЗА БЕЙСЕНБІ» АКЦИЯСЫ:  Жалғызілікті қарттардың ауласы тазартылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «AMANAT» партиясының «Таза бейсенбі» акциясы Байзақ ауданында тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Бүгінде акцияға қатысушылар қоршаған ортаны қоқыстан тазартып қана қоймай, қоғамдық орындар мен жалғызілікті қарттардың үйлерін абаттандыруға көңіл бөлуде.
Осы орайда, үйде арнаулы қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлердің ұсынысына сәйкес, бүгін «Аманат» партиясы Байзақ аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Таза бейсенбі» акциясы аясында «Жастар рухы" жастар қанаты мүшелерінің қатысуымен Сарыкемер ауылы З.Әбдікәрімов көшесі 21 үй тұрғыны Джандосова Сағаткүлдің және Сарыкемер ауылы Д.Қонаев көшесі 152 үй тұрғыны Кравшинка Зоя және Степанова Екатиринаның тұрғын үй ауласына тазалық жұмыстары жүргізіліп, қоқыстардан тазартылды.

Ақпараттық медиа орталығы.