
Бүгін әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімінің төрағалығымен өткен жиында “Байзақ су”, Байзақ газ және Аудандық электр жүйелерін тарату мекемелерінің 2025 жылы атқарған жұмыстары мен биылғы жылғы міндеттері тыңдалды.
Жиында мекеме басшылары Қуанышбек Болысбаев, Рустам Құспеков, Алтынбек Жамишжановтар рет-ретімен сөз алып, өздері басқарып отырған мекемелердің жыл ішінде атқарған жұмыстарына тоқталды. Сондай-ақ биылғы жылы атқарылатын жұмыстарды да атап өтті.
Мекеме басшыларын мұқият тыңдаған аудан әкімі аудандағы коммуналдық қызмет көрсетететін мекемелердің біршама жұмыстары болғанымен әліде болса атқаратын жұмыстардың аз емес екендігін атап өтті.
Атап айтқанда, ауданымыздағы барлық ауылдар таза ауыз суға қол жеткізгенімен халықтың ауызсуға қосылуы көңілдегідей емес. Ауыз суды заңсыз қосып алғандарда болса, оны жыл бойы тұтынып, ақысын төлемей отырғандардың бары да айтылды. Жекелеген үйлер ғана емес кейбір мейрамхана, кафе, мектептердіңде орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылмағандары белгілі болды. Аудан әкімі аталған мекеме басшылығы мен округ әкімдеріне әр тоқсан сайын кемі 2 мың үйді таза ауыз суға қосуды тапсырды.
Аудан басшысы өзінің қорытынды сөзінде тиісті мекеме басшыларына күн тәртібінде көтерілген мәселелерге қатысты аталған бағыттағы жұмыстарды жандандырып, халыққа сапалы қызмет көрсетуді тапсырды.
Ақпараттық медиа орталығы.