
Бірлік – ынтымағы мен берекесін тең ұстаған Қазақ елі үшін ең қастерлі ұғым, сан ғасырлардан мирас болып келе жатқан дана халқымыздың асыл қасиеті. Бабаларымыз ынтымақ пен татулықты, ортақ келісім мен ауызбірлікті, жарасымдылық пен сыйластықты мүдделі түрде еліміздің біртұтастығын сақтауда әрдайым биік мақсат етіп қойған. Халқымызда «Бірлігі бекем елдің берекесі мол болмақ” деп бекер айтылмаған.

Өйткені татулықсыз, бірлік-берекесіз, ынтымақсыз ештеңенің де өнбесі анық. Еткен еңбектің де жемісі бекер болмақ. Ауызбірлігі жарасқан елді ешқандай қиындық қыспағына ала алмайды. Кез келген елдің тілегі де, арманы да халқының бейбітшілігін сақтау. Татулықта ғұмыр кешіп, соғыс отын тұтатпай, бейбітшілік үшін күресу қазіргі уақыттың ең өзекті мәселесі болып табылады.