АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕ: Жастар істері жөніндегі кеңес отырысы болып өтті

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕ: Жастар істері жөніндегі кеңес отырысы болып өтті

Аудан әкімінің төрағалығымен әкімдік жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес отырысы болып өтті.
Отырыстың күн тәртібіне сәйкес, ауданда тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының ауданда орындалу барысы туралы аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Дәурен Мадешев, ауданда уақытша бос жүрген жастарды жұмыспен қамту шараларының барысы туралы «Еңбек мобильдігі орталығы» аудандық «Мансап орталығының» оқыту бөлімінің басшысы Дидар Сансызбаев, Жалғызтөбе және Суханбаев ауылдық округтері бойынша 2025 жылдың 11 айында мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы бойынша атқарылған жұмыстар туралы Жалғызтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ғанибек Жұмасаев және Суханбаев ауылдық округінің әкімі Абдулмұрат Мадибаев баяндама жасады. Сондай-ақ, 2026 жылға арналған аудан әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес отырысының жоспарын бекіту мәселесі қаралды.
Жиын барысында көтерілген мәселелер жан-жақты қаралып, комиссия мүшелері тарапынан ұсыныстар айтылды.
Отырыс соңында аудан әкімі мемлекеттік бағдарламаларды жастар арасында кеңінен насихаттау, аудан жастарымен тығыз байланыста отырып, жүйелі жұмыстар жүргізуді тапсырды. Берілген тапсырмалар хаттамаға енгізілді.

Ақпараттық медиа орталығы.