ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: Қостөбелік тұрғындармен кездесті

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: Қостөбелік тұрғындармен кездесті

«Қоғаммен байланыс»жобасы және «Заң мен тәртіп»тұжырымдамасы аясында өткізіліп жатқан кездесулердің мақсаты – халықпен тікелей диалог орнатып, тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелерді тыңдау, оларды шешудің тиімді жолдарын бірлесе қарастыру болып табылады. Бұл туралы аудан әкімі Қостөбе ауылдық округінің тұрғындарымен өткен кездесуде айтты. Аталған кездесуге аудан прокуроры Ақберген Мүлкеманов, аудандық полиция бөлімінің басшысы Әлімхан Қарымсақов қатысты. Жиында ауыл тұрғындары өздерін мазалаған түрлі сауалдарын қойды. Олар қатарында аялдама соғу, бейнебақылау камерасын орнату, қоғамдық тәртіп мәселелері жайлы айтылды.
Аудан әкімі мен аудан прокуроры Ақберген Мүлкеманов әрбір мәселені мұқият тыңдап, олардың шешілу жолдарын түсіндірді. Аймақ тұрғындарына заңдылық пен тәртіпке қатысты жобалардың мәні мен міндеті түсіндіріліп, азаматтардың пікірлері назарда екендігі жеткізілді.

Ақпараттық медиа орталығы.