
Қарымсақов Әлімхан Айдарханұлы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысы полиция департаменті Байзақ ауданының полиция бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
*
Қарымсақов Әлімхан Айдарханұлы 1981 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары.
2003 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Жол қозғалысын ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітіріп, «Жол қозғалысы инженері», 2005 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Қазақ-Түрік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітіріп, «Заңгер» дәрежесін алған.
Алғашқы еңбек жолын 2004 жылы ішкі істер органдарынан бастаған. Осы уақытқа дейін, Меркі ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары, Қордай аудандық полиция бөлімінің бастығы, Жамбыл облысы полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.
Отбасында 4 бала тәрбиелеп отыр.
Ақпараттық медиа орталығы.