ЗЕРДЕЛЕУ: Жолдарды қысқы күтіп-ұстау жұмыстарының барысымен танысты

ЗЕРДЕЛЕУ: Жолдарды қысқы күтіп-ұстау жұмыстарының барысымен танысты

Әне-міне дегенше, қыс мезгілі де жақындап келеді. Осы мақсатта, аудан бойынша автомобиль жолдарын қысқы науқанда күтіп-ұстау жұмыстарының барысымен танысу мақсатында аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Бүркітәлиев бастаған топ мүшелері «Рауан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағында зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Серіктестік базасында қысқы кезеңге дайындық барысы пысықталып, арнайы техникалардың дайындықтары зерделенді. Оған аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі мен аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшылығы да қатысты.
Үстіміздегі жылы аудандық маңызы бар 137,54 шақырымды құрайтын автомобиль жолын қысқы күтіп-ұстау жұмыстары үшін мемлекеттік рәсімдері нәтижесінде бөлім мен «Рауан» ЖШС-і арасында келісімшарт жасалған. Осы жұмыстарға «Рауан» ЖШС-і тарапынан 3 дана – автогрейдер, 3 дана – самосвал, 3 дана – құм сепкіш, 2 дана – трактор, 3 дана – жүк тиегіш көліктері қарастырылып отыр. Сондай-ақ, инертті материалдардан 300 тонна тұз және 800 тонна құм дайындалған.
Айта кетейік: аудан бойынша жолдардың жалпы ұзындығы 758,17 шақырымды құраса, оның ішінде, Республикалық маңызы бар - 49 шақырым, облыстық маңызы бар - 134 шақырым, аудандық маңызы бар - 137,54 шақырым және елді мекен көшелері - 437,63 шақырымды құрайды.

Ақпараттық медиа орталығы.