ШТАБ ОТЫРЫСЫ: Жылыту маусымына дайындық барысы қаралды

ШТАБ ОТЫРЫСЫ: Жылыту маусымына дайындық барысы қаралды

Әкімдіктің кіші мәжіліс залында аудан әкімінің төрағалығымен 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындық мәселесі бойынша штаб отырысы өткізілді. Онда күн тәртібіне шығарылған мәселелерге байланысты тиісті бөлім мен кәсіпорындар басшыларының есептері тыңдалды. Баяндамашылардың есептеріне сәйкес, аудан әкімі Байзақ ауданының білім бөлімінен қазандықтардың жылу желілерін «Жамбыл жылу» КМК-не сенімгерлік басқаруға беру үшін мемлекеттік актіні рәсімдеу, бірқатар қазандықтардың жылу желілерін жөндеу жұмыстарының барысын пысықтады. Сонымен қатар, жылу есептегіш құралдарын орнату, операторлардың біліктілігін арттыру керектігін ескертті. Отырыс соңында аудан әкімдігінің тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен шаруашылық жүргізу құқығындағы «Байзақ су» ШЖҚ КМК-і және «Жамбыл жылу» МКК Байзақ ауданы бойынша пайдалану аймағы басшылығына хаттамалық тапсырмалар берілді.

Ақпараттық медиа орталығы.