
Әкімдікте аудан басшысы бекітілген кесте бойынша бірқатар ауыл, ауылдық округ әкімдерін қабылдап, үстіміздегі жылдың алғашқы жартыжылдығындағы жұмыс нәтижелеріне талдау жасады. Оған тиісті бөлім басшылары мен әкімдік аппаратының жауапты инспекторлары қатысып отырды. Онда ауыл, ауылдық округтердің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері, инвестиция тарту, салық түсімдері, қаражаттың игерілуі, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, жергілікті тұрғындардың өтініштері бойынша атқарылған жұмыстар, орындаушылық тәртіп, хаттамалық тапсырмалардың орындалуы мен алдағы жоспарлары қаралды.
- Ауылдық округтердің дамуы – ауданымыздың жалпы дамуының негізі. Біздің басты міндетіміз – азаматтардың өмір сапасын жақсарту және мемлекеттік бағдарламаларды толыққанды іске асыру. Бұл үшін бәріміз бірігіп, нәтижелі жұмыс істеуіміз керек – деді аудан басшысы. Қабылдау барысында аймақ басшысы әрбір ауыл, ауылдық округ әкімдерінің атқарған жұмыстарын талдай отырып, туындаған мәселелер бойынша ұсыныстарды назарға алды. Сондай-ақ, қосымша салық түсімдерін арттыру, инвестиция тарту, трансформаторларды талапқа сай қоршау, абаттандыру жұмыстары мен тазалыққа баса мән беру керектігін атап өтті. Есепті баяндамалар бойынша тиісті бөлім, мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне тапсырмалар беріліп, хаттамаға енгізілді.
Ақпараттық медиа орталығы.