КӨРНЕКТІ ҚАЛАМГЕР ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ

КӨРНЕКТІ ҚАЛАМГЕР ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ

18 маусымда – көрнекті қаламгер, жазушы-драматург, публицист Елен Әлімжанның туған күні. ҚР Еңбек сіңірген қайраткер, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері биыл сексеннің сеңгіріне шығып отыр. Осы орайда, аудан әкімі қоғам қайраткерімен жүздесіп, мерейлі жасымен құттықтады.
- Сіздің әдебиет саласында да, журналистика саласында да өзіндік орныңыз бар. Туындыларыңызда қоғамдағы адамгершілік қағидасы, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы айқын көрініс тапқан. Бірқатар драмалық шығармаларыңыз еліміздің театрларында сахналанып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп отыр. Бұл бағытта аянбай еңбек етіп келесіз. Деніңізге саулық, алдағы шығармашылығыңызға толағай табыстар тілеймін, - дей келе аймақ басшысы жазушыға сый-сияпатын табыстап, құрмет көрсетті.
Сондай-ақ, мерейлі жас иесі Елен Әлімжан өзіне құрмет көрсеткен аудан әкіміне алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді.

Ақпараттық медиа орталығы.