АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ: Жайылым жер және көктемгі әскерге шақыру жұмыстары қаралд

АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ: Жайылым жер және көктемгі әскерге шақыру жұмыстары қаралд

Әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімінің төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өткізіліп, онда аудандағы жайылым жер мәселесі мен көктемгі әскерге шақыру жұмыстары қаралды.
Күн тәртібіне сәйкес, аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Ержан Тұрсынбек пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін мемлекетке қайтару, жайылым жерлерді елді мекендерге беру туралы есеп берді. Аудан бойынша зерделеу жұмыстары барысында, 2024 жылы мемлекет меншігіне жалпы көлемі 1034,4 гектар, оның ішінде жайылым 673,9 гектар жер қайтарылды. Пайдаланылмаған жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жалғасуда. Байзақ ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы К.Нұрдинов баяндамасында аудан бойынша әскерге көктемгі шақыруға 151 азамат жолданғанын, оның ішінде, оның ішінен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің қатарына 19 азамат, Қарулы күштер мен басқа да құрылымдар қатарына 88 шақырылушы, Төтенше жағдайлар қызметі қатарына 3 шақырылушы және Ұлттық Ұлан қатарына 41 шақырылушы қамтылғанын атап өтті. Сондай-ақ, бірқатар ауылдық округтер берілген жоспарды өз деңгейінде орындамағаны айтылды.
Аудан басшысы жиын барысында көтерілген мәселелер бойынша аталған бағыттағы жұмыстарды жандандыру керектігіне басымдық беріп, ауыл, ауылдық округ әкімдері мен мамандары өздеріне жүктелген міндеттерге жауапкершілікпен қарау қажеттігін жеткізіп, бірқатар тапсырмаларды жүктеді.

Ақпараттық медиа орталығы.