ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН МЕМЛЕКЕТ: Ботамойнақтық тұрғындармен кездесті

ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН МЕМЛЕКЕТ: Ботамойнақтық тұрғындармен кездесті

Аудан басшысы бекітілген кестеге сәйкес, Ботамойнақ ауылдық округінде халықпен кездесу өткізді. Онда аудан әкімі алдымен ауданның әлеуметтік- экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталса, ауыл әкімі округте атқарылған жұмыстарды баяндады. Ботамойнақтық тұрғындар көпке ортақ мектепке жанама немесе жаңа мектеп құрылысын жүргізу, халық санының көбеюіне байланысты тұрғын үй салуға жер қарастыру, «Ақтөс» ит қорасын ауылдан тыс жерге көшіру, кәсіпкерлікке қолдау көрсету мәселелерін қозғады. Мектеп салу мәселесі бойынша 640 оқушы орынға арналып салынған мектепте 2 ауысымда оқитын оқушы саны 1300-ге жуық болу керек. Бүгінгі күнге оқушы саны 1000-ға жетпейтінін, сондықтан жаңа мектеп салуға рұқсат берілмейтінін айтты. Тұрғын үй салу бойынша қазіргі таңда көп жерде тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін қыруар ақшаға жұмсап, инфрақұрылым жүргіземіз, бірақ кезек бойынша жер телімін алған азаматтар 3 жылдан аса уақыт ішінде үй салу жұмыстарын жүргізбейді. Заң талаптарына сәйкес, үш жыл ішінде белгісіз себептермен тұрғын үй құрылысын жүргізбеген азамат, ол жерді мемлекетке қайтарады. Қалған өтініштерге қатысты халықтың айтқан әрбір ұсынысы назарда болатынын, олардың оңтайлы шешілу жолдары қарастырылатынын жеткізді. Кейбір мәселелерге қатысты тиісті мекеме басшылары мен ауылдық округтің әкімі түсініктеме беріп, заңдылықтарға сәйкес жауап берді.

Ақпараттық медиа орталығы.