БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні. Бұл мереке 2011 жылдан бастап жыл сайын атап өтіледі. Аталған мерекеге орай,
әкімдіктің кіші мәжіліс залында аудан әкімі «Ауыл жаңалығы»-«Сельская новь» газеті мен аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Ақпараттық медиа орталығы» мекемесінің қызметкерлерін қабылдады.
Құттықтау тілегін айтқан аудан басшысы еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары билік пен бұқараның арасындағы дәнекер ғана емес, еліміздің толағай табыстары мен зор жетістіктерінің жаршысы болып келетінін айтты.
- Бүгінде ақпарат алаңында аянбай еңбек етіп жүрген тілшілер қауымы заман көшінен қалмай, жаңа медианы меңгеріп, халыққа жағымды жаңалықтар жеткізуде абыройлы қызмет атқарып жүр. Аудан көлемінде болып жатқан саяси-мерекелік шаралар мен игілікті істердің еш кідіріссіз газет бетінде және әлеуметтік желіде жарық көруі тұрғындарды ерекше ықыласқа бөлейді. Алдағы уақытта жұмыстарыңыз еселеніп, табысты да жемісті еңбектеріңіз еленіп, биіктер мен шыңдардан көріне беріңіздер, - деді аудан әкімі өз құттықтауында. Қабылдау барысында аудандық мәслихат төрағасы Бақтияр Ақбаев жүрекжарды тілегін айтып, жылы лебізін білдірді. Кәсіби мереке иелеріне құрмет көрсетіліп, Алғыс хат, гүл шоқтары мен сыйлықтар табысталды. Өз кезегінде «Ауыл жаңалығы»-«Сельская новь» газетінің директоры Бауыржан Жақсымбетов өздеріне көрсетіліп жатқан ізеттері үшін аудан басшылығына ризашылығын жеткізді.

Ақпараттық медиа орталығы.