ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН МЕМЛЕКЕТ: Бәйтерек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН МЕМЛЕКЕТ: Бәйтерек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында, аудан әкімі Бәйтерек ауылдық округінің Көкбастау ауылында халықпен кездесті.
Ол кездесу барысында алдымен ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көршеткіштеріне тоқталып, аймақтың жағымды жаңалықтарын жеткізіп, алдағы атқарылар жоспарлармен бөлісті. Сондай-ақ, ауылдық округте өткен жылы он жобаның жүзеге асырылғанын атап өтті. Өз кезегінде ауылдық округ әкімінің халықтың әл-ауқатын, тұрмыстық деңгейін жақсарту бағытында атқарылған жұмыстары тыңдалды. Ауыл әкіміне инвестиция тарту жұмыстарын жандандыру мен салық түсімін көбейту тапсырылды.
Ауыл тұрғындары көпке ортақ мәселелерді, атап айтқанда, елді мекен ішіндегі жолдарды орта жөндеуден өткізу, таза ауыз суға қолжетімділік, 1967 жылы іргетасы қаланған орта мектепті күрделі жөндеу, қосымша спорт нысанын салу, «МР-3», «МР-4» арналары арқылы келетін ағын су жүйесін реттеу туралы өтініш-ұсыныстарын жеткізді. Тұрғындар тарапынан қойылған ұсыныс-өтініштерді мұқият тыңдаған аудан басшысы алдағы уақытта кезең-кезеңімен жұмыстар жүргізілетінін жеткізді. Сонымен бірге, тұрғындарды жаз мезгілінде балалардың қауіпсіздігін басты назарда ұстау, интернет-алаяқтықтан сақтану, қолдағы малдарды қараусыз қалдырмауға шақырды.
Соңынан ауыл тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізілді. Ондағы көтерілген мәселелерге байланысты тиісті бөлім, мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Ақпараттық медиа орталығы.