26 маусым - «Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні» ретінде белгіленген. Бұл күннің мақсаты – қоғамның назарын нашақорлықтың жаһандық проблемасына, оның салдарына және оны еңсеруге бағытталған шараларға аудару. Осы орайда бүгін аудан орталығындағы А. Суханбаев атындағы саябағында
аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысының аясында «Есірткісіз болашақ!» атты акция болып өтті. Акцияның ашылу салтанатында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бердібек Омаров, Жамбыл облысы Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Айгерим Каукешова сөз алып, барлық азаматтарды есірткіден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Жастар мен жасөспірімдер арасында өткен жарыста спорттың 3 түрі, яғни, гір тасын көтеру, қол күресі, арқан тартудан өзара бақ сынасты. Өзара тартысты өткен жарыста жеңімпаздар анықталып, жүлделі орындарға ие болды. Жеңімпаздарды аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадина Сейтқазина Дипломдар және ақшалай сыйлықтармен марапаттады.
Ақпараттық медиа орталығы.