АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС: Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары

АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС: Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары

Әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімінің төрағалығымен өткізілген аппараттық кеңесте үстіміздегі жылдың қаңтар-маусым айларындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары туралы мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы ағымдағы жылғы І тоқсанының қорытындысы мен І жартыжылдықтың болжамды көрсеткіштеріне тоқталды. Атап айтқанда, құрылыс жұмыстары, пайдалануға берілген тұрғын үйлер, өнеркәсіп өнімі, негізгі капиталға тартылған инвестиция, ауыл шаруашылығы саласында өсім мен бөлшек және көтерме сауда көлемдерінің көрсеткіштерін слайд арқылы сабақтастыра баяндады. Аудан басшысы тиісті сала орынбасарлары мен бөлім басшыларына болжамды көрсеткіштердің орындалуы керектігін ескертті.
Шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары туралы есеп берген аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы елді мекендерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округ әкімдерімен елді мекен маңындағы шомылуға рұқсат етілмеген орындарға 38 дана шомылуға тыйым салынған белгілері орнатылғанын, аудан аумағында коммуналдық шомылуға арналған жағажайлар немесе шомылу орындары жоқ екенін жеткізді. Сарыкемер ауылдық округі әкімшілігі және полиция бөлімінің қызметкерлерімен 15 рет рейдтік шаралар өткізіліп, рұқсат етілмеген орындарда шомылған тұлғаларға хаттамалар толтырылған. Аудан әкімі елді мекендер арқылы өтетін каналдарды зерделеу, тыйым салынған белгілерді орнату және өрт қауіптілігін басты назарда ұстауды тапсырды.

Ақпараттық медиа орталығы.