КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК: Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК: Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

«Amanat» партиясы аудандық филиалы мен Еңбек мобилдігі Байзақ ауданы бойынша Мансаптық орталығы филиалы бірлесе отырып, партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында ерекше қажеттілігі бар жандар үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізді.

Жәрмеңкеде 14 жұмыс берушіден бос жұмыс орындары ұсынылып, жұмыс іздеушілерге кеңестер беріліп, олар өздеріне қажетті ақпараттарды алды.

Мамандықтарға сәйкес, тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туғызылған және еңбек нарығындағы сұраныстарға сәйкес азаматтар тұрақты жұмысқа орналасуына мүмкіндік алатын аталмыш жәрмеңкенің маңызы зор болғанын айта кетейік.

Ақпараттық медиа орталығы.