Әкімдіктің мәжіліс залында аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізіліп, онда күн тәртібінде үш мәселе шығарылды. Аталмыш отырысты Қоғамдық кеңестің төрағасы Қыдыралы Оралов ашып, жүргізіп отырды.
Оған аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Бүркітәлиев, аудандық мәслихат аппаратының басшысы Алтынай Сембиева, Қоғамдық кеңес мүшелері, бөлім, мекеме басшылары мен мамандары және ауыл, ауылдық округ әкімдері, бейнебайланыс арқылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы Гульмира Сейдуалиева қатысып отырды.
Күн тәртібіндегі мәселелер мен жұмыс регламенті бекітілген соң, аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Дулат Жақыпбеков, аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Тұрсынбек Ержан, Жамбыл облысы әкімдігі «Жамбыл облысының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының Байзақ ауданы ветеринария бөлімінің басшысы Еркінбек Оразов өз салалары бойынша өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.
Баяндамашылардан соң Қоғамдық кеңестің комиссиялары тарапынан құрылған жұмысшы топ мүшелері жарыссөзге шығып, қосымша баяндамалар жасады. Бірқатар өзекті мәселелер көтеріліп, айтылған ұсынымдар хаттамаға енгізілді. Соңынан күн тәртібіне шығарылған мәселелерге байланысты тиісті Қарар қабылданды.
Ақпараттық медиа орталығы.