2024 жылғы 8 желтоқсанда бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Байзақ аудандық мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті.
Сайлаушылар тізіміне 4039 азамат енгізілді. Дауыс беруге -2416 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған
үй-жайлардан тыс – 54 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны -3.
Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Байзақ аудандық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
- Құрманәлі Қуандық Қайратұлы үшін сайлаушылардың 274 дауысы берілді,
- Оман Рысдәулет Ажмухамедұлы үшін сайлаушылардың 169 дауысы берілді,
- Тлепов Нуржан Сейдазимович үшін сайлаушылардың 1914 дауысы берілді.
- «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 47;
Сайлау қорытындысымен бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Байзақ аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланды:
№9 сайлау округі бойынша – Тлепов Нуржан Сейдазимович, 1965 жылы туған, «Еңбек мобильдігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Байзақ аудандық «Мансап орталығы» директоры, Жамбыл облысы, Байзақ ауданының тұрғыны.
Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы