2026 жылғы 12 шілдеде өткен Жамбыл облысы Байзақ ауданы Үлгілі ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

2026 жылғы 12 шілде Жамбыл облысы Байзақ ауданы Үлгілі ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Үлгілі ауылдық округі бойынша:

Сайлаушылар  тізіміне 1880 азамат енгізілді. Дауыс беруге қатысқан – 966 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 9 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 3.

Үлгілі ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Молдашев Есболат Арыстанбекулы үшін сайлаушылардың 690 дауысы берілді,

Таныбекова Айман Танатаровна үшін сайлаушылардың 95 дауысы берілді,

Унетаев Нуркен Наятович үшін сайлаушылардың 77 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 92.

Сайлау қорытындыларымен: Үлгілі ауылдық округінің әкімі болып Молдашев Есболат Арыстанбекулы сайланды, 1975 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Жамбыл облысы, Байзақ  ауданы, Жетібай ауылының тұрғыны.

 

Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

Дата публикации
13 июля 2026