Конституция – ел бірлігінің кепілі, референдум – халық еркінің көрінісі

Конституция – ел бірлігінің кепілі, референдум – халық еркінің көрінісі

Аудандық «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының жетекшісі И.Спаналиева мен коалиция мүшелері М.Мәдімаров, Б.Момынов, К.Әмірова аудандық "Рауан" ЖШС еңбек ұжымымен кездесіп, алдағы референдумның маңызы мен конституциялық өзгерістердің мәнін жан-жақты түсіндірді.
Кездесу барысында Конституция – мемлекеттің құқықтық тірегі, ел дамуының стратегиялық бағдары екені атап өтілді. Ұсынылып отырған бастамалар қоғамдағы әділеттілік қағидаттарын нығайтып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталғаны айтылды.
Еңбек ұжымына ел тағдырына бейжай қарамай, белсенді азаматтық ұстаным танытудың маңызын білдірді. Референдум – әр азаматтың өз таңдауын жасап, ел болашағына ықпал ететін маңызды саяси қадам екені ерекше атап өтілді.
Коалиция мүшелері еңбек адамдарының пікірін тыңдап, ашық диалог алаңын қалыптастырды. Бұл – қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайтудың, ортақ мақсат жолында жұмылудың нақты көрінісі.