Ағымдағы жылдың 29 қыркүйек күні Ақшолақ орта мектебінде жоспарға сәйкес "Қайырлы ел - зайырлы" тақырыбында оқушылармен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге ауданнан "Жастар ресурстық орталығы"КММ -нің Дін істері бөлімінің басшысы Құлымбетов Алмас Қалдыбекұлы келіп, мемлекет және дін қатынастарын, дін жөніндегі ақпараттарды іздегенде байқау қажеттігін, әлеуметтік желілерде түрлі діни ағымдардың ақпараттары бар екенін, сенімді ақпаратты ресми сайттардан алудың маңыздылығын түсіндірді.