
Ағымдағы жылдың 22 ақпан күні Жалғызтөбе ауылдық округі аумағында «Шынықсаң шымыр боласың» ұранымен ауыл жастары арасында орта доптан ауыл әкімі кубогі ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді.
Іс-шара барысында ауылдық ардагерлер кеңесінің мүшелері Қалмахан Бекмағанбетов, Серік Кембаев және ауылдық округ әкімі М. Тайтелиев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарысқа үш команда қатысып, тартысты ойын нәтижесінде:
🥇 I орын – «Мәдениет» командасы
🥈 II орын – «Жетібай жастары» командасы
🥉 III орын – «Әкімшілік» командасы иеленді.
Спорт нұсқаушысы – Н. Абдуахас.
Спорттық шара жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, ауызбіршілік пен ұйымшылдыққа тәрбиелеуге бағытталды.