Тағылымды іс-шара

Тағылымды іс-шара

Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылуы аяқталғанына 37 жыл толуына орай 17 ақпан күні Жетібай ауылдық клубында тағылымды іс-шара өтті.
Шараға Ауған соғысы ардагерлері, Тәжік ауған соғыс ардагерлері, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы мен мүшелері, әкімшілік қызметкерлері, сондай-ақ мектеп ұжымы мен оқушылары қатысты.
Кездесу барысында Жамбыл атындағы орта мектебінде Ауған соғысының ардагері Қайрат Сулейменовке арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылып, ардагерлерге құрмет көрсетіліп, олардың ерлігі мен ел алдындағы адал қызметі жайлы естеліктер айтылды. Жас ұрпақ патриоттық өлеңдер оқып, батыр ағаларға алғыстарын білдірді.
Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран. Батырларымыздың есімі әрдайым құрметке лайық!