Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы

Жалғызтөбе ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес  ауылдық  округ бойынша  5 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.

  1. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою.
  2. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
  3. Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру;
  4. Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
  5. Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату;

Сонымен қатар, төмендегі қызметтер бойынша өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асырады;

  1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;
  2. Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау.

            Ауылдық округ тұрғындарына қолайлы ахуал қалыптастыру мақсатында мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуға арналған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істеуде. Ауыл тұрғындарының «e–gov» порталы арқылы көрсетілетін қызметтерді ХҚКО-на бармай, өз уақытын үнемдеп, электронды түрде мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндігі бар.

 

Сізге қызмет көрсетуші Жалғызтөбе ауылдық окргунің бас маманы

Мейрбек Балмурзаев