Мың бұралған бишілер

Мың бұралған бишілер

Ынтымақ ауылдық округінде “Мың бұралған бишілер” атты аймақтық би жарысы өтті
2025 жылдың 28 сәуірінде Ынтымақ ауылдық округінде “Мың бұралған бишілер” тақырыбында аймақтық би жарысы өткізілді. Бұл шараға өңірдің түрлі ауылдық округтерінен келген өнерлі жастар қатысып, өздерінің би шеберліктерін көрсетті.
Жарыс нәтижесінде:
• Бірінші орынды жоғары өнер көрсеткен “Сырғалым” би тобы жеңіп алды;
• Екінші орын Көптерек ауылдық округіне бұйырды;
• Үшінші орынды Жалғызтөбе ауылдық округі иеленді.
Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Шара барысында қатысушылар ұлттық және заманауи билерді орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.