
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Ынтымақ ауылдық округі әкімшілігінің ұжымы мен Байзақ ауданының депутаты Е. Рыскелдіұлы ауылдағы тыл еңбеккерлерін арнайы құттықтады.
Мемлекет басшысының Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік төсбелгісі тыл ардагерлеріне салтанатты түрде табысталып, ел үшін жасаған ерен еңбегі мен ерлігі үшін ерекше құрмет көрсетілді.
Кездесу барысында тыл еңбеккері Бечелова Люся апамыз сөз сөйлеп, майдангерлердің жанқиярлық ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын айтып, бүгінгі бейбіт өмір үшін алғысын білдірді.
Бұл күн – ерлік пен тағзымның тоғысқан мерекесі. Осындай ардагерлеріміз барда – халқымыздың тарихы да, Тәуелсіздігіміз де мәңгі жасай бермек!